Кәсіби қаржы қызметтері аясындағы негізгі мәмілелердің қысқаша шолуы

SB Capital – Қазақстандағы инвестициялық банкинг нарығындағы, жекелеп алғанда, мұнай-газ секторындағы көшбасшы. Жеке және мемлекеттік компаниялар, соның ішінде ұлттық корпорациялар – біздің клиенттеріміз.

 

 

2008 жылдан бері SB компаниялар тобы ҚР аумағында келесідей ең ірі жобаларға қатысты:

  • «Қазақстан-Қытай» (A, B, C желілері) және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы үшін жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру. Жобаны қаржыландыруға тартылған сома 14 млрд. АҚШ долл. құрады және Қазақстан компаниясы жобаға бөлген ең ірі қарыз болып табылады.
  • КМГ және CNPC - «Маңғыстау Инвестментс Би Ви» бірлескен кәсіпорнымен бірге «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ бақылау пакетін сатып алу (50:50). ММГ Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорындардың бірі болып табылады, осы компанияны сатып алу жөніндегі мәміле Қазақстан Республикасының аумағындағы M&A тарихындағы ең ірі оқиға болды.
  • Ғаламдық қаржы дағдарысы кезеңінде 2008 жылғы маусым айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еурооблигацияларын 3 млрд. АҚШ долл. сомасына дебюттік шығару. «IFR Thomson Reuters» журналы хабарлағандай бұл мәміле «2008 жылғы ең үздік облигациялық мәміле» деп аталды.