Компания туралы

 

SB Capital – Қазақстан мен ТМД аумағындағы жетекші әрі динамикалық дамып жатқан инвестициялық компаниялардың бірі.

Компания 2008 жылы жобаларды жүзеге асыру кезінде салалық ерекшелікті және ТМД аймақтарының ерекшеліктерін есепке ала отырып, сарапшы бағасына және қызметті кәсіби үйлестіруге қызығушылық танытатын клиенттерге қаржы нарығында жоғары дәрежелі қызмет ұсыну мақсатында құрылған.

2008 жылдан бері SB Capital құрылымдау, ілеспе қызмет көрсету, қосу және қосып алу мәмілелерін жасау, жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызметтерді сәтті атқарып келеді, сонымен қатар Қазақстанда да, ТМД елдерінде де басқа да маңызды жобаларға қатысып келеді.

Қызметін бастағалы бері компания өзін сенімді серіктес, кәсіби қаржы қызметтері нарығының жоғары білікті қатысушысы ретінде танытты.

SB Capital ҚР аумағындағы көптеген ірі мәмілелерге қатысқан, жоғары сапалы қызметтер мен шешімдер ұсыну аясында беделі зор кәсіби мамандардан құралған жоғары дәрежелі командасы бар.

Біздің командамыз мол тәжірибеге, қазақстандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен түрлі юрисдикция шеңберінде ең күрделі мәмілелерді сәтті үйлестірудің қалыптасқан механизміне ие бола отырып, бизнесіңіздің бәсеке артықшылығын көтерудің ең үздік шешімдерін ұсынады.

Компаниялар тобы:

Sky Bridge Invest: «Best New Capital Markets Consultancy Kazakhstan 2015» by Global Banking and Finance Review Awards 2015.

Негізі 2003 жылы қаланған, инвестициялық пай қорларын құрған Қазақстандағы ең алғашқы кәсіби Басқарушы Компания болып табылады. 2014 жылдан бері компания клиенттерді алуан түрлі қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында брокерлік және дилерлік қызмет атқару лицензиясын (№4.2.192/113) да иеленді. Активтерді кәсіби сенімді басқару, клиенттерге брокерлік қызмет көрсету, қаржы консалтингі және андеррайтинг – Компания қызметінің басты бағыттары.

Компания бизнес үдерістерді, АТ шығындарды оңтайландыратын заманауи технологиялардың негізінде тиімді шешімдер, сондай-ақ кәсіби қызметтердің барлық түрін, соның ішінде ақпараттық қауіпсіздік, консалтинг және бизнес-интеграциялар, шешімдер енгізу, аутсорсинг, сервистік қызметтер ұсынады.